18 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады
04:49, 18 Шілде 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 18 шілде күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен қалаларында жайлы метеожағдай қалыптасады.
Атмосфералық ауаның жинақталуы - Қарағандыда. Сондай-ақ қолайсыз метеорологиялық жағдай Көкшетау, Петропавл, Шымкент, түнде - Талдықорғанда күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.