«Қазтелерадио» АҚ жоспарлық-профилактикалық жұмыстарды тоқсан сайын өткізеді.
«Тоқсан сайынғы жоспарлық-профилактикалық жұмыстар сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да өткізіледі», - деп түсіндірді компанияда.
Еске сала кетейік, соңғы тоқсан сайынғы жоспарлық-профилактикалық жұмыстары 2016 жылғы 18 сәуірде өткізілген.
- Профилактикалық жұмыстардан кейін хабар таратуда жаңылысу пайда болған жағдайда абоненттер өңірдегі сату орталығына байланысу қажет (193, 7 (727) 258 15 00 нөмірлері бойынша call-center-ге қоңырау шалу) немесе абоненттік жабдықты өз бетімен күйге келтіруге, атап айтқанда: қабылдағыштың күйге келтіруін зауыттық күйге келтірулерге түсіру керек; қабылдағышты (ресиверді) қоректендіру көзінен 2-3 минутқа өшіріп, арналарды қайта іздеу керек, - делінген хабарламада.