18 тамызда Зеленский Вашингтонда Трамппен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен саммиттен кейін Анкориджден қайтып келе жатқанда Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесті, деп хабарлайды CNN.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитттің айтуынша, Трамп алты сағаттық рейстің көп бөлігін телефонмен сөйлесумен өткізген.
Зеленскийдің кеңсесі Трамппен сөйлесу «ұзаққа созылғанын» мәлімдеді. Президенттер алдымен оңаша сөз сөйледі, содан кейін оларға еуропалық көшбасшылар қосылды.
Зеленский Telegram арнасында Трампқа Украина-АҚШ-Ресей үшжақты конференциясын өткізуді ұсынғанын мәлімдеді.
Украина басшысы Трамппен кездесу үшін 18 тамызда Вашингтонға баратынын растады.
Трамп Аляскада Путинмен болған саммиттен кейін Fox News телеарнасына берген сұхбатында бәрі Владимир Зеленскийге байланысты екенін айтты.
Ақ үй басшысы сондай-ақ Украина және Ресей президенттерімен өтетін үшжақты кездесуге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
– Егер олар қаласа, мен осы кездесуде боламын. Ендігі кезекте Зеленский мен Путин арасындағы және менімен кездесуді ұйымдастырмақшы, - деді ол.
Трамп сонымен бірге Fox News-ке берген сұхбатында Аляскада Путинмен кездесуін жоғары бағалағады.