18 тамызда Алматының жолдары ішінара жабылады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –18 тамыз күні «Tour of World Class Almaty» 2019 веложарысының өтуіне байланысты таңғы сағат 5.30 түскі 13.00 дейін веложарыс өтетін көшелер жабылып, көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға сілтеме жасап хабарлайды.

Алтыншы мерейтолы «Tour of World ClassAlmaty» 2019 веложарысқа 850 қатысушы тіркелді. Жарыстың басталуы ойын-сауықорталығы «Mega Center Alma-Ata» 2, балалар қашықтығынан (14 км), таңғы сағат 8-гежоспарланған.

Сонымен төменде көрсетілген көшелер жабылады:

Розыбакиевкөшесі – Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылынадейін 5.30-дан мерекелік шараның соңына дейін (13.00) жабылады.

Әл-Фарабикөшесі – Розыбакиев көшесінен Назарбаевдаңғылына дейін 06:00-дан 10:30-ге дейін жабылады.

Сайынкөшесі – Розыбакиев көшесінен Рысқұловдаңғылына дейін (Жандосов, Шаляпин, Абай, Төле би, Райымбек батыр көшелері) 06:00-дан 11:30-ге дейін жабылады.

Рысқұловкөшесі – Сайын көшесінен Бауыржан Момышұлыкөшелері арасы 08:30-дан 12:00-гедейін жабылады.

Момышұлы көшесі – Рысқұлов көшесінен Ақын Сараға дейін 08:30-дан12:00-ге дейін жабылады. Барлық жол жабылады.

АқынСара және Ақ Қайнар көшелерініңарасы 08:30-дан 12:00-ге дейінжабылады.

Ақ Қайнаркөшесі – автоцонға дейін және Бұрындайполиция полкына дейін 08:30-дан 12:00-гедейін жабылады.

Соңғы қатысушы сағат 12.00-ге дейінгі қашықтықты өткенненкейін ғана автокөлік қозғалысы толық қалпына келеді.

Соңғы жаңалықтар