АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорт күнін тойлау аясында 18 тамыз күні Астанада веложарыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Веложарыс таңғы сағат 8-де басталады және Қабанбай батыр даңғылындағы «Салтанат сарайынан» «Астана арена» стадионына дейін жалғасады.
«Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының Қараөткел көпірінен (Рамстор) Бұқар жырау («Астана арена» стадионы) көшесіне дейінгі бөлігінде шара аяқталғанша автокөлік қозғалысына шектеу қойылады», - деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.