2011 жылдың 1 маусымында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы Тараз шекара отрядының «Гродиково» мен «Чолдалы» шекара заставасында шекарашылар Қырғызстаннан 18 тоннадан астам контрабандалық жүк - азық-түлік салынған жүк көлігімен өткізу бекетінен алшақтағы жолдан өтіп келе жатқан Қазақстанның үш азаматын ұстады.
Контрабанданың ұсталуы фактісіне қатысты құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.