Диясбек Жолжақсиевтің бұл өміріндегі ең алғашқы дауыс беруі. Таңертеңмен Шардара қаласындағы №852 референдум учаскесіне келген ол, арнайы сыйлыққа ие болды.
«Мен өз таңдауымды жасадым. Еліміздің ертеңі жарқын болуы керек. Себебі, елімнің болашағы –бұл менің болашағым», - дейді ол.
Жалпы Шардара ауданында халықтың белсенділігі жоғары. Таңертеңмен келіп дауыс берушілердің арасында әскери қызметшілер мен медицина, білім саласының мамандары, ерікті жастар мен қариялар да болды.
Сондай-ақ Семей ядролық полигоны қозғалысының төрағасы Назар Тоқсанбаев отбасымен бірге өз таңдауын жасады. Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов те референдумда дауыс беріп, науқан қатысушыларына батасын берді.