18 жастағы қазақстандық теннисшінің WTA рейтингіндегі орны жоғарылады
10:57, 27 Қыркүйек 2023
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова WTA жаңартылған рейтингіндегі орнын жақсартты. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
18 жастағы Қазақстан теннисшісі өткен апта қорытындысы бойынша рейтингте 76 сатыға жоғарылап, енді 746-орында тұр. Сағындықова бір ай ішінде 310 сатыға көтерілгенін айта кетейік, жақында ғана ол 1056-қатарда тұрған болатын.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да WTA рейтингіндегі орнын жақсартты. Ол 81-ден 73-орынға көтерілді. Сондай-ақ жекелей рейтингте тағы бір қазақстандық теннисші – Жанель Рүстемованың орны жоғарылады (1381-орын, +8 саты).
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаға келер болсақ, ол бесінші қатарда қалды.https://www.sports.kz/