18 жастағы ер бала Ертіс өзенінде суға батып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ертіс ауданында 18 жастағы ауыл тұрғыны суға батып кеткен. 

Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz .
 
- Кеше, 2 тамыз күні құтқарушылар Ертіс өзенінің Ертіс ауданынан өтетін бөлігінде 1999 жылы туған ер баланың денесін тапты. Белгілі болғандай, жас жігіт өзеннің тыйым салынған аумағында шомылған. Мәйітті судан алып шығу үшін аудандық жедел құтқару жасағының төрт маманы мен бір техникасы жұмылдырылды, - деді ТЖД мамандары.

Павлодар облыстық ТЖД өзен-көлдердің тыйым салынған бөлігінде суға шомылуға болмайтынын қатаң ескертеді.