18 жастағы құрылысшы басына темір құбыр құлап кетіп, мерт болды
10:02, 13 Қазан 2012
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Жұма күні күндіз Астана қаласының Сарыарқа ауданында салынып жатқан қонақүй кешінінде анықталмаған жағдайларда 12-ші қабаттан темір құбыр құлап кетті.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құбыр «СКА Базис» ЖШС-нің 18 жастағы жұмысшысының басына түсіп, ол оқиға орында көз жұмды.