Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, ол Ертіс өзенінде арнайы жабдықталмаған орында шомылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Қайғылы оқиға 7 тамыз күні шамамен кешкі сағат 22-де орын алған. Марқұмның денесін іздестіру мақсатында жедел құтқару жасағынан үш адам мен бір техника жұмылдырылып, 8 тамыз күні табылды. Куәгерлердің айтуынша, жігіт спирттік ішімдікке қызара бөрткен күйінде суға түскен.