Халықаралық көші-қон күні. ЭКОСОС-тың ұсынысы бойынша 2000 жылғы желтоқсанның 18-інде БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. 1990 жылғы желтоқсанның 19-ында барлық еңбек етіп жүрген оралмандарды және олардың отбасын қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2 3 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының «Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы жарық көрді.
1 5 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы жарық көрді.
1 2 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
4 7 жыл бұрын (1968) КСРО Министрлер Кеңесінің жалпы білім беретін орта мектеп бітіруші оқушыларға жеке пәндерді оқуда ерекше табыстары және үлгілі тәртібі үшін грамота беру туралы қаулысы шықты.
7 жыл бұрын (2008) Қарағандыда танымал ғалым, Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтын көп жылдары бойы басқарған Әбілқас Сағыновқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Ескерткіш екінші оқу корпусының ғимаратында орнатылған, мұнда Ә.Сағынов отыз жылдан астам уақыт оқытушы қызметінде жұмыс атқарды.
8 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Шарбақты ауданы өз сайтын ашты. Фотосуреттермен иллюстрацияланған www.sharbakty.kz сайтындағы веб-парақшаларда ауданның өмірі, оның экономикасы мен мәдениеті туралы баян етіледі. Аудандық әкімдіктің жұмысы, атқарушы билік қабылдап жатқан шешімдер мен даму бағдарламалары туралы да мәліметтер орналастырылған. Сайт Шарбақты ауданында орын алатын оқиғалар туралы материалдармен толтырылып отырылатын болады.
6 жыл бұрын (2009) Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде 280 орындық №40 «Болашақ» балабақшасы ашылды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысты.
Қос қабатты ғимаратта бүлдіршіндер 12 топта тәрбиеленеді. Сабақ мемлекеттік тілде жүргізіледі. Орыс, ағылшын тілдері қосымша оқытылады. Музыкалық және спорт залы, медицина мен психолог кабинеттері, компьютер сыныптары бар.
6 жыл бұрын (2009) Алматы облысының Ескелді ауданындағы Қарабұлақ ауылында ауыл балалары мен жасөспірімдеріне арналған спорт мектебі ашылды.
Ғимаратта бассейн мен жаттықтыру залдары, бокспен, күреспен айналысуға арналған залдар бар.
ЕСІМДЕР
6 2 жыл бұрын (1953) «Ұлттық ғылыми-техникалық орталық» АҚ президенті ЫБЫРАЕВ Әділ Жүнісұлы дүниеге келді.
Өскемен қаласында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. ҚазТАГ-тың (қазіргі «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ) редакторы, аға редакторы, шығарушы редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1982-1988 жылдары - «Ленинская смена» газеті бас редакторының орынбасары. 1988-1990 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының кеңесшісі, көмекшісі. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының бөлім меңгерушісі. 1997-2002 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2004 жылдары - Қазақстандағы Ресейдің «Известия», «Комсомольская правда» және «Труд» басылымдары Менеджмент, маркетинг және жарнама департаментінің директоры. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі, 2005 жылдан - «Атамекен» одағы Алматы филиалының атқарушы директоры болған. 2008-2013 жылдары - "Караван" республикалық газетінің бас редакторы. 2013 жылғы сәуірден қазіргі қызметінде.
14 6 жыл бұрын (1869-1919) қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолында күрескендердің бірі МАЙКӨТОВ Әділбек дүниеге келді. Атбасар уезінің Сарышой ауылында (қазіргі Ақмола облысы) туған. 1887 жылы орыс-қазақ училищесін бітірген. Арнайы білімді Омбының фельдшерлік мектебінде алды. Атбасарда дәрігерлік қызмет атқара жүріп, қоғамдық саяси өмірге де белсене араласты. 1905 жылдан бастап Петропавлдағы социал-демократтар ұйымымен байланыста болды. 1905-1907 жылдары Атбасар жұмысшыларының ереуілін ұйымдастыруда белсенділік танытқан. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақ жастарын тыл жұмыстарына тартуға қарсы шығып, Ұлытау өңірінде қарулы жасақтар ұйымдастырады. 1916 жылы жергілікті өкімет орындары Әділбек Майкөтовті тұтқындап, түрмеге жабады. 1917 жылы ақпан көтерілісінің нәтижесінде бостандыққа шыққан. Ол Қазан көтерілісінен кейін большевиктер партиясына мүше болып, халық арасында үгіт-насихат жүргізді. 1918 жылы ақпанда Атбасар уездік кеңестерінің съезінде уездік атқару комитетінің құрамына сайланған. Атбасар уездік кеңесі төрағасының орынбасары, денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі және қазақ бөлімі жұмысына жауапты қызметкер болған. 1918 жылы Атбасарда кеңес билігі құлағаннан кейін астыртын жағдайда Уақытша Сібір үкіметіне, Алашорда бөлімдеріне, кейін Колчак диктатурасына қарсы күрестер жүргізді. Атбасар өңірінде партизандар жасақтарын ұйымдастыруға атсалысқан. 1919 жылы қаңтарда тұтқындалып, Колчак үкіметінің Атбасар уездік төтенше комиссиясының шешімімен ату жазасына кесілді. Атбасар қаласында қоғам қайраткері Әділбек Майкөтовке ескерткіш орнатылған. Астана, Атбасар қалаларында Ә.Майкөтов атындағы көшелер бар.
8 1 жыл бұрын (1934) қазақстандық сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген әрі құрметті сәулетшісі МОРДВИНЦЕВ Станислав Ильич дүниеге келді. «Қарағандықалаауылжоба» институтының бас сәулетшісі. Ұзақ уақыт Қазақстан Сәулетшілер одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болды. С.Мордвинцевтің жобасы бойынша ҚарМУ мен Қарағандының орталық алаңындағы Облыстық кәсіподақ кеңесінің ғимараты, «Степной» тәжірибелік шағын ауданы, «Шайбұлақ» емдеу-сауықтыру орны салынды. Қарағанды қаласының жаңа бас жобасын дайындағаны үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
7 1 жыл бұрын (1944) «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары ӘБДІКӘРІМОВ Оралбай дүниеге келді.
Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Қарағанды қалалық халықтық бақылау комитетінде, партия органдарында, республикалық басқару органдарында мемлекеттік қызметте, Президент Аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымының депутаты. 1999 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымында Сенат депутаты болып тағайындалған. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланған. II дәрежелі «Барыс», ТМД ПАА-ның «Содружество» ордендерімен, сегіз медальмен марапатталған.
9 5 жыл бұрын (1920) ақын, жазушы, аудармашы СЫЗДЫҚОВ Қажымұрат дүниеге келді.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Ұлы Отан соғысына қатысып, Беларустың Брест-Литовск қаласында әскери қызметте болған. Соғыстан кейін Қазақ радиосында, Түркісіб темір жолы басқармасының «Теміржолшы» газеті редакциясының әдеби қызметкері, тілшісі, «Мектеп» баспасының аға редакторы, «Қазақ совет энциклопедиясының» аға ғылыми редакторы қызметтерін атқарған.
Алғашқы өлеңдері 1938 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінде жарияланған. Соғыстан кейінгі кездерде республикалық баспасөз бетінде мақала, рецензия, очерк, аудармалары жарық көрді. Шығармашылығының негізгі саласы - көркем аударма. Ол И.Буниннің «Балқарағай» жинағын, Л.Н.Толстой шығармаларының 1 томдығын, А.П.Чеховтың әңгімелерін, Д.Нгуги, Е.Ремарк романдарын, В.Шукшин, Н.Мирошниченко пьесаларын аударған.
4 3 жыл бұрын (1972) ҚР ҰЭМ Статистика комитеті төрағасы СМАЙЫЛОВ Әлихан Асханұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында дүниеге келді. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірді, Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді. 1993 жылдан бастап 1995 жылды қоса алғанда «А-Инвест» Инвестициялық жекешелендіру қорында жұмыс істеді. 1996 жылғы тамыздан бастап 1998 жылғы наурызды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 1998 жылғы наурыздан бастап 1998 жылғы сәуірді қоса алғанда Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары болды. 1998 жылдан бастап 1999 жылды қоса алғанда Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды. 1999 жылғы қарашадан бастап 2003 жылғы ақпанды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы болды. 2003 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.2003 жылдан бастап 2006 жылды қоса алғанда «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы болды. 2006 жылғы ақпаннан бастап 2007 жылғы қаңтарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды. 2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы қарашаны қоса алғанда «Казагро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті болды. 2008 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
2014 жылы бұл ведомство ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті болып атауы өзгерді
Бірнеше медальдармен марапатталған.
4 6 жыл бұрын (1969) «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарушы директоры, банк басқарма төрағасының орынбасары НИЕТБАЕВ Нұрлан Қадырұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
1994-1995 жылдары «Қазыбек» банкі №1 филиалында бухгалтер, жетекші маман, кредит бөлімінің бастығы. «Эксимбанк» АҚ жетекші маманы, басқарма бастығы, несиелеу департаментінің директоры. 2001-2006 жылдары - «Қазақстанның даму банкі» АҚ жобаларды несиелеу департаментінің директоры, басқарушы директоры, вице-президент. 2006-2007 жылдары - «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2007-2010 жылдары - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2010-2012 жылдары - «Грантум» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті. Қазіргі қызметінде 2012 жылғы наурыздан бері.
9 4 жыл бұрын (1921-1997) кеңестік және ресейлік актер және клоун НИКУЛИН Юрий Владимирович дүниеге келді.
8 5 жыл бұрын (1930-2011) «Не? Қайда? Қашан?» хабарының авторы, режиссері және жүргізушісі ВОРОШИЛОВ Владимир Яковлевич - дүниеге келді.