ЕСІМДЕР
Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Қарағанды қалалық халықтық бақылау комитетінде, партия органдарында, республикалық басқару органдарында мемлекеттік қызметте болып, Президент Аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымының депутаты. 1999 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымында Сенат депутаты болып тағайындалған. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланған. «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары.
II дәрежелі «Барыс» (2001), І дәрежелі «Барыс» (2009) ТМД ПАА-ның «Содружество» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Өскемен қаласында туған. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген.
ҚазТАГ-тың (қазіргі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі) редакторы, аға редакторы, шығарушы редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1982-1988 жылдары – «Ленинская смена» газеті бас редакторының орынбасары. 1988-1990 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының кеңесшісі, көмекшісі. 1991-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының бөлім меңгерушісі. 1997-2002 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2004 жылдары – Қазақстандағы Ресейдің «Известия», «Комсомольская правда» және «Труд» басылымдары Менеджмент, маркетинг және жарнама департаментінің директоры. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі, 2005 жылдан «Атамекен» одағы Алматы филиалының атқарушы директоры болған. 2008-2013 жылдары – «Караван» республикалық газетінің бас редакторы. 2013-2016 жылдары – «Ұлттық ғылыми-техникалық орталық» АҚ президенті.
2016 жылдың желтоқсан айынан бері қазіргі қызметінде.
Тараз қаласында туған. 1977 жылы Алматы қаласындағы шет тілдері педогогикалық институтын бітірген, ағылшын тілінің мұғалімі. 1990 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Грекия, Мальта, Сан-Марино және Бельгия сияқты көптеген мемлекеттерде Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі, Елшінің кеңесшісі сияқты жауапты қызметтер атқарған. 2012 жылдың 28 қарашасынан бастап – Қазақстанның Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, сонымен қатар НАТО және Еуропалық Одақтағы Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы. 2018 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.
Медальдары мен алғыс хаттары: «Құрмет» (2008); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008). ҚР Президентінің алғыс хатымен (2005, 2010), сыртқы саясатқа қосқан үлесі үшін «Нәзір Төреқұлов» медалімен, «Алтын барыс» орденімен марапатталған.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін, (1987); Милан қаласындағы Энрико Маттеи орта мектебін (1996) бітірген.
Жұмыс тәжірибесі: көпжақты ынтымақтастық бөлімінде, ЕҚЫҰ департаментінде және Еуропа департаментінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (1998-2001); Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесшісі-елшісі (2001-2009); Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры (2013-2015); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі (2016-2017); Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің Министрдің кеңесшісі, Еуропалық Одақтағы өкілдігі басшысының орынбасары (2018-2021).
Қазіргі қызметін 2021 жылдан бері атқарып келеді.
Алматы қаласында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
1993-1995 жылдары – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы. 1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1998 жылғы наурыз бен сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор. 1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Статиститка агенттігінің төрағасы. 2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2007-2008 жылдары – «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті. 2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы. 2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2020-2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған. «1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар.
Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Халықаралық мамандықтар институтын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі көмекшісі болып бастады. 1999-2000 жылдары Алматы облыстық әділет басқармасында (Талдықорған қ.) жұмыс істеді. 2001-2003 жж. – Алматы қаласы Әуезов аудандық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі. 2003-2007 жж. жеке меншік ұйымдарда жұмыс істеді. 2007-2008 жж. – «ҚазМұнайГаз Сауда үйі» АҚ Шарттар мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас заңды кеңесшісі. 2008-2009 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті Кадр жұмысы басқармасының бастығы. 2009-2010 жж. – ҚР Премьер-Минстрінің Кеңсесі ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2010-2012 жж. – СҚО Есіл ауданының әкімі. 2012-2013 жж. – СҚО әкімі аппаратының басшысы. 2013-2014 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2014 ж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2014-2015 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары. 2015-2018 жж. – СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі. 2020-2021 жж. – Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары. 2021-2022 жж. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде департамент директоры болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келеді.
Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы «Шаһар» телеарнасының продюсері болып бастап, «Hit TV»арнасында директор, «Қазақстан» РТРК АҚ продюсер лауазымдарымен жалғастырды. «KazMedia Mobile» ЖШС бас директоры, «Кино Сериал» баспасының бас редакторы. 2017 жылға дейін «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы және жүргізушісі, «Балапан» телеарнасының директоры болды. «Jibek Joly» телеарнасындағы «Сұхбат. Ләйлә Сұлтанқызымен» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі.