18 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Kazinform/ Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (18 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

09:00-де «SILK WAY DEVELOPMENT FUND» қоғамдық қоры мен E-Forum.net жобасы VI Халықаралық «Көлік және логистика нарығы» конференциясын және I Халықаралық «GLOBAL AVIA DAY» авиация тасымалын дамыту форумын өткізеді.

09:45-те Гвинея-Бисау Президенті Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді.

10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

14:00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Қазақстан» залында «Қазақстан контексінде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіби әлеуметтік жұмыстың келесі қадамдары: SOLID жобасын іске асыру» тақырыбында қорытынды конференция өтеді.

14:30-да Астана қаласындағы мектептерде ашылған 5 инклюзияны қолдау кабинеттерінің бірінің салтанатты ашылуы өтеді. Инклюзияны қолдау кабинеттері – психолог, логопед, дефектолог жұмысына арналған аймақтарды, сондай-ақ керамика шеберханасы мен емдік дене шынықтыру кабинетін біріктірген заманауи кеңістік.

15:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2024 жылдағы жол-құрылыс маусымының қорытындылары» тақырыбындағы баспасөз конференциясы өтеді.