18 жолаушы мінген автобус аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Ставрополь өлкесінде жол-көлік оқиғасына ұшыраған  автобустағы 4 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС жедел қызметке сілтеме жасап.

«Ставрополь өлкесінде Дербентке жара жатқан "Икарус" жыраға түсіп кетіп аударылған. Автобус ішіндегі 18 адамның төртеуі зардап шекті», -деп мәлім етті дереккөз.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Алдын ала деректерге қарағанда, олар ауыр жарақаттанбаған.

Шамасы, жүргізуші тайғанақ жолда сырғыған автобус руліне ие бола алмағандықтан көлік жыраға түсіп кеткен.

Сейсенбі күні Ставрополь өлкесінде қар жауып, жел көтерілді. Осыған байланысты Ставрополь қаласы маңындағы тас жолдарда көлік қозғалыстарына шектеу енгізілді.