1883 мұғалімге сұраныс бар - Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Еліміздегі педагог кадрлардың сұранысы бойынша, 1883 мұғалім тапшы. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні елімізде жалпы 293 мыңнан астам мұғалім қызмет етеді. «Бұл ретте резервтер түбегейлі пайдаланылып жатқан жоқ екендігін айтқым келеді. Биыл біз алғаш рет ауылдық квотамен білім алған жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерді өңірлерге бөлдік. Олар өңірлерде еңбек етуге міндетті болған еді. Алайда, кейбір жағдайларда қажетті шаралардың қамтамасыз етілмеуі салдарынан, бұндай түлектер бөлінген орындарға бара алмай отыр. Сол үшін ондай мамандардың өңірлердегі мектептерде жұмыс жасауына қажетті жағдайды қарастыруға тиіспіз», - деді Білім министрі.