189 мыңнан аса жамбылдық тұмауға қарсы екпе қабылдады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында тұмауға қарсы екпені 189 мыңнан аса адам қабылдады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұмауға қарсы имундау жұмыстары қызу жүргізілуде .

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2020-2021 жылғы эпидмаусымда тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» 2020 жылғы 5 қыркүйектегі №51 қаулысына сәйкес тұмауға қарсы иммундау науқаны ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен басталды. Бүгінгі таңда 189 059 тұлға тұмауға қарсы екпе алды»,-делінген хабарламада.

Бұл көрсеткіш жалпы облыс тұрғындарын 16,35 пайызын құрайды. Өңірде екпемен қамтылғандардың қатарында 7088 жүкті әйел, 19688 медицина қызметкері, 77310 он төрт жасқа дейнгі балалар және басқалар бар.