Бұл туралы Астана қаласы әкімнің баспасөз қызметіне ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады.
Астанада алдағы демалыс күндері (19-20 шілде) сағат 10:00-де ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Абылай хан даңғылы 24 («Бакалея» дүкені маңында), Жеңіс даңғылы 55 («Мерей» базары маңы) мекенжайларында өтетін жәрмеңке қала тұрғындарына арзан бағада тауар ұсынбақ.
Жәрмеңкеде Астана қаласы азық-түлік белдеуі аймағының, сонымен бірге жергілікті дистрибьюторлардың өнімдерін, жеміс-көкөніс, ет, шұжық, сүт өнімдерін төмен бағамен сатып алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, астананың 16 жылдығы мерекесіне орай өткен жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облысы 200 тонна өнім әкелген болатын. Елордаға оңтүстікқазақстандықтар қызанақ, қияр, болгар бұрышы, картоп, орамжапырақ, алхоры, шие мен бақша өнімдерін ұсынған. Сонымен бірге астаналық тұрғындар ет өнімдерін де сатып алуға мүмкіндік алды.