19-21 мамыр күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын азаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2016 жылдың 19-21 мамырына арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Сәуір айында басталып, мамыр айына жалғасқан Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы нөсер жаңбыр, кейбір аудандарда бұған дейін байқалған олардың максимальды санының артуына алып келді. Мысалы, Алматы қаласында 1990 жылдан бастап жауын-шашынның көп мөлшерде түсуі 1998 жылы байқалып, 176 мм құрады, ал бүгінгі күні мамыр айында ғана 180 мм астам жауын жауды. Бірақ, республика аумағының көп бөлігін қамтыған антициклонның әсерімен, алдағы үш тәулікте жауын-шашынның аздаған саябырлауы болжануда. Дегенмен, Іле Алатауының таулы аудандарында алдағы тәулікте жаңбыр әлі де сақталуда. Республиканың шығысында суық арктикалық фронттармен түнгі уақыттың кей кездерінде сулы қарға ауысатын, кей жерлерде жаңбыр жауады. Сондай-ақ Қазақстанның батыс аудандарында жылы фронттың әсерімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.