19-21 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауынды болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19-21 мамыр күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауынды болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Таяудағы үш тәулікте республика облыстарының көпшілігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде күшті найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Ауаның температурасы аздап салқындап, нормадағыдан 2-3 градус төмендейді», - делінген хабарламада.