«Алдағы үш тәулікте оңтүстік және батыс циклондарының атмосфералық ағындары Қазақстанның ауа райына ықпал етеді. Сондықтан жауын жауып, күн күркірейді, желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20м/с-қа жетеді. Республиканың шығысында ғана күн ашық болады. Ал ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан 3-10ºС жоғары болады»,- делінген хабарламада.
12:27, 18 Сәуір 2016
19-21 сәуір күндері Қазақстанда күн күркіреп, жауын жауады деп күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19-21 сәуір күндері Қазақстанда күн күркіреп, жауын жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.