АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-нің мәліметтеріне сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19-20 желтоқсан күндері Қарағанды облысының кей жерлерінде -40 градусқа дейін аяз сақталады.
20-21 желтоқсан күндері түнде Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде -30 градусқа дейін күшті аяз түседі деп күтілуде.
Ал 20 желтоқсан күні түнде Алматы облысының солтүстік бөлігінің кей жерлерінде аяз қуаты -30 градусқа жететіндігі болжануда.
Сонымен қатар 20-21 желтоқсан күндері түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде және Жамбыл облысының солтүстік бөлігінде -30 градусқа дейін күшті аяз болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.