19 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұр

Фото: Жамбыл облысы ПД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектелді:

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан алналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе БӨП)» автожолы, 520-587-шақырым (Аққулы кенті – Абай облысының шекарасы);

• осы автожолдың 583-733-шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы);

• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы, 137-231-шақырым (Қарағанды облысының шекарасы — Баянауыл ауылы).

Қарағанды облысы

• «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы, 231-324-шақырым (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті).

Шығыс Қазақстан облысы

• «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолы, 15-105-шақырым (Белоусовка ауылы – Риддер қаласы).

Сонымен қатар Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, Қазгидромет синоптиктері 19 ақпанда еліміздің бірнеше облысында 20 градусқа дейін аяз болатынын болжаған еді.