19 ақпанда елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 ақпан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады, оңтүстік өңірлерде қар молынан түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын мен желдің күшеюі сақталады.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 17-22 м/с-қа артады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал. Түнде Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 25 м/с болады.

Қызылорда облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні Ақтөбе облысында 23 м/с-қа артады.

Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болып,  желдің күші күндіз 25 м/с артады.