ЕСІМДЕР
53 жыл бұрын (1966) ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мүсілім Мұхтарұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.
1987 жылы Саратов жоғары әскери-авиация ұшқыштар және штурмандар училищесін бітірген. 1987-1996 жылдары КСРО/ҚР ӘҚК-де офицерлік лауазымдарда. 1998 жылы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери-дипломатиялық академиясын бітірді. 1998-1999 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы әскери атташесінің көмекшісі. 1999 жылдан - Қазақстанның АҚШ-тағы әскери атташесі. 2006 жылдан ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2013 жылдары «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде 2017 жылдан бері.