19 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында ашық, аязды ауа райы күтілуде

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - 19 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағы суық антициклонның ықпалында болады, онымен ашық, аязды ауа райы күтілуде, деп хабарлайды ТЖД-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың батыс өңірлері арқылы атмосфералық ағым бөліктерінің өтуі қардың түсуіне, ал кейбір аудандарда тұман мен көктайғақтың болуына ықпал етпек.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде.

Алматы, Қызылорда облыстарының кейбір аумақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ты құрамақ.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей өңірлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, сырма боран болады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аумақтарында да тұманды.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұманмен бірге көктайғақ күтілуде.

Гидрологиялық мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде таяу тәуліктерде мұз қату үрдісі күшейіп, өзендердің арналары көтерілуі мүмкін.