19 қараша. Тұлғалар туған күн

Фото: Фото: Kazinform/ Midjourney

Бүгін, 18 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

76 жыл бұрын (1948) Қазақстан Республикасындағы «Мицва» еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Александр Иосифович БАРОН дүниеге келді.

Фото: vecher.kz

Алматы қаласында туған. 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «педиатр-дәрігер» мамандығы бойыншы бітірді.

Еңбек жолын 1972 жылы теміржол ауруханасында педиатр-дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, ине терапевті болып бастаған. 1992 жылдан бері «Мицва» Қазақстан Республикасындағы еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті. 2013 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы басшысының орынбасары, «Хэсэд Полина» республикалық қоғамдық бірлесітігі кеңесінің төрағасы.

«Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапатталған.

Қарағанды ​​қаласында туған. Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі (1978).

57 жыл бұрын (1967) Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Ескендірұлы БАЕДІЛОВ дүниеге келді.

Фото: primeminister.kz

Алматы облысында туған. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 1991-1994 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры, мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Салық және сақтандыру органдары қаржы-кредит мекемелерінің ревизия бөлімінің бастығы, 1994-1996 жылдары ҚР Қаржы бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша қаржы-кредит органдары мен валюталық бақылау ревизиялары бөлімінің бастығы, 1996-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, 1998-1999 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті білім, ғылым, мәдениет және басқару органдарының ревизиялар бөлімінің бастығы, 1999-2002 жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, 2002-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша қаржы комитетінің төрағасы, 2003-2008 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, 2008-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2009-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, 2017-2021 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

45 жыл бұрын (1979) Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары Жандос Бибосынұлы БЕРДІҚҰЛОВ дүниеге келді.

Фото: Маңғыстау облысының прокуратурасы

Жамбыл облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген.

Еңбек жолы: прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған, әр жылдары Тараз қаласы прокурорының орынбасары, Жамбыл мамандандырылған прокуроры, Мойынқұм және Талас аудандарының прокуроры; Жамбыл облысының Шу ауданаралық прокуроры қызметтерін атқарған.

2024 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.