19 қараша. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 18 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

75 жыл бұрын (1948) Қазақстан Республикасындағы «Мицва» еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Александр Иосифович БАРОН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «педиатр-дәрігер» мамандығы бойыншы бітірді.

Еңбек жолын 1972 жылы теміржол ауруханасында педиатр-дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, ине терапевті болып бастаған. 1992 жылдан бері «Мицва» Қазақстан Республикасындағы еврей ұлттық ұйымдар қауымдастығының президенті. 2013 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы басшысының орынбасары, «Хэсэд Полина» республикалық қоғамдық бірлесітігі кеңесінің төрағасы.

«Құрмет» ордені, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» марапатталған.

56 жыл бұрын (1967) Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Ескендірұлы БАЕДІЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 1991-1994 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры, мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Салық және сақтандыру органдары қаржы-кредит мекемелерінің ревизия бөлімінің бастығы, 1994-1996 жылдары ҚР Қаржы бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша қаржы-кредит органдары мен валюталық бақылау ревизиялары бөлімінің бастығы, 1996-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, 1998-1999 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті білім, ғылым, мәдениет және басқару органдарының ревизиялар бөлімінің бастығы, 1999-2002 жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, 2002-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша қаржы комитетінің төрағасы, 2003-2008 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, 2008-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2009-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, 2017-2021 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

44 жыл бұрын (1979) Ақмола облысы прокурорының орынбасары Жандос Бибосынұлы БЕРДІҚҰЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген.

Еңбек жолы: прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған, әр жылдары Тараз қаласы прокурорының орынбасары, Жамбыл мамандандырылған прокуроры, Мойынқұм және Талас аудандарының прокуроры; Жамбыл облысының Шу ауданаралық прокуроры қызметтерін атқарған.

2020 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

65 жыл бұрын (1958) медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Халықаралық репродуктология академиясының ректоры, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Нотанович ЛОКШИН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша үздік бітірген. 1989 жылы Омбы мемлекеттік медицина институтында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Санкт-Петербургте ғылым докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. В.Н.Локшиннің диссертациясы Қазақстанда нострификациядан өтті. Бұл Қазақстан Республикасындағы репродуктивті медицина саласындағы алғашқы және әзірге жалғыз зерттеу.

2007-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мүшесі, 2005-2007 жылдары ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес, Алматы қаласының денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінің алқа мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қадағалау кеңесі, акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының бақылау кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Халық Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірнеше Құрмет грамоталарымен, «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталған.

30 жыл бұрын (1993) қазақ самбошысы, самбодан әлем чемпионатының бірнеше дүркін күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионатының 2 дүркін чемпионы Ділдаш ҚҰРЫШБАЕВА дүниеге келді.