ЕСІМДЕР
61 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Алик Серікұлы АЙДАРБАЕВдүниеге келді.
Алматы облысында туған. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.
1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Әр жылдары «ОңтүстікҚазмұнайГаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды. «Торғай Петролеум» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры, 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры, 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2017-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, 2018 жылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2018-2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВдүниеге келді.
Алматы облысында туған. Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ, экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымындағы PhD.
1985 жылы еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс балқыту зауытында балқытушы болып бастады. Өз мансабының басында Шымкент қорғасын зауытында, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, «Қарағанды металлургия комбинаты» МАҚ-да және бизнесте жұмыс істеді.
2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа орналасты.2006-2008 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы және Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі және кеңесші-елшісі. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфуртте Бас консулы, 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы және Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы, 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы, 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2016-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымын атқарған. 2018-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі, 2019-2022 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.
2022 жылғы 31 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
60 жыл бұрын (1964) әнші, продюсер, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Қыдырәлі Нұртайұлы БОЛМАНОВ дүниеге келді.
Жезқазған облысының Қарсақбай ауылында туған. 1991 жылы Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген.
1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған. 1996 жылдан – «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері. 2001 жылдан – «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі. 2005-2007 жылдары Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2008 жылдың сәуірінен Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы. «Жігер» республикалық конкурсының (1988), Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1994), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000), Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987), Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990), Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993). «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991), Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001), Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2005).
59 жыл бұрын (1965) Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Науханұлы БАЯХОВ дүниеге келді.
Ақжайық ауданы Калмыково кентінде дүниеге келді. Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының академигі.
Батыс Қазақстанның инженерлік ғылым және білім жаңалықтары" ғылыми-техникалық жорналы редакторының орынбасары. Ғылыми саласы: агроөнеркәсіп кешені, биотехнология және энергия үнемдеу технологиялары. 100-ден астам ғылыми еңбектердің, 3 монография, Республикалық оқу-әдістемелік комиссия ұсынған 3 оқу және 2 электрондық оқу құралының авторы. Ақжайық ет-жүнді кроссбред қой тұқымы, БАЛИ -1395; БАК-4087, БҚАТУ зауыттық желілерінің және ақжайық қойларының етті типінің авторы, 4 патент иегері. Ғылыми тағылымдамадан Дюссельдорф қ. ҒЗИ (Германия) және Беларусь Республикасы Ғылым академиясының жанындағы генетика және цитология институтында өтті. "Архимед-2018" XXI Мәскеу халықаралық өнертабыстар және инновациялық технологиялар салонының Алтын және Күміс медальдармен марапатталды. «Ялта өркениет клубының және ашық өркениет диалог» университетінің мүшесі Мәскеу, РФ.
"Жаңару"сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы - 2017". Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "Ы. Алтынсарин" атындағы, "Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытудағы еңбегі үшін" төс белгілерімен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
41 жыл бұрын (1983) Астана қаласы мәслихатының жетінші шақырылым депутаты Нұрдәулет Амантайұлы ОРАЗХАНОВ дүниеге келді.
Семей қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2007-2011 жылдары «Агропромзапчастьсервис» ЖШС сату жөніндегі менеджер, 2008-2011 жылдары «Ростра двери Астана» ЖШС сату жөніндегі менеджер, 2011-2018 жылдары Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Астана қалалық филиалының екінші хатшысы қызметін атқарған. 2018 жылдан – Қазақстан Халық партиясының бірінші хатшысы. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 арнайы мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.