19 мамыр. Тұлғалар туған күн

Фото: Фото: Kazinform/ Midjourney

Бүгін, 19 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1963) «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС-нде теңіз жобалары жөніндегі директордың орынбасары Алик Серікұлы АЙДАРБАЕВ дүниеге келді.

Фото: kazatomprom.kz

Алматы облысында туған. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Әр жылдары «ОңтүстікҚазмұнайГаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды. «Торғай Петролеум» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры, 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры, 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2017-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, 2018 жылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2018-2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

61 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ дүниеге келді.

Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында туған. Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ, экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымындағы PhD.

1985 жылы еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс балқыту зауытында балқытушы болып бастады. Өз мансабының басында Шымкент қорғасын зауытында, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, «Қарағанды металлургия комбинаты» МАҚ-да және бизнесте жұмыс істеді.

2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа орналасты.2006-2008 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы және Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі және кеңесші-елшісі. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфуртте Бас консулы, 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы және Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы, 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы, 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2016-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымын атқарған. 2018-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі, 2019-2022 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.

2022 жылғы 31 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

61 жыл бұрын (1964) әнші, продюсер Қыдырәлі Нұртайұлы БОЛМАНОВ дүниеге келді.

Фото: novoetv.kz

Жезқазған облысының Қарсақбай ауылында туған. 1991 жылы Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген.

1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған. 1996 жылдан – «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері. 2001 жылдан – «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі. 2005-2007 жылдары Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2008 жылдың сәуірінен Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы. «Жігер» республикалық конкурсының (1988), Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1994), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000), Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987), Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990), Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993). «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991), Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001), Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2005).

60 жыл бұрын (1965) Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Науханұлы БАЯХОВ дүниеге келді.

Фото: kazuits.edu.kz

Ақжайық ауданы Калмыково кентінде дүниеге келді. Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының академигі.

Батыс Қазақстанның инженерлік ғылым және білім жаңалықтары" ғылыми-техникалық жорналы редакторының орынбасары. Ғылыми саласы: агроөнеркәсіп кешені, биотехнология және энергия үнемдеу технологиялары. 100-ден астам ғылыми еңбектердің, 3 монография, Республикалық оқу-әдістемелік комиссия ұсынған 3 оқу және 2 электрондық оқу құралының авторы. Ақжайық ет-жүнді кроссбред қой тұқымы, БАЛИ -1395; БАК-4087, БҚАТУ зауыттық желілерінің және ақжайық қойларының етті типінің авторы, 4 патент иегері. Ғылыми тағылымдамадан Дюссельдорф қ. ҒЗИ (Германия) және Беларусь Республикасы Ғылым академиясының жанындағы генетика және цитология институтында өтті. "Архимед-2018" XXI Мәскеу халықаралық өнертабыстар және инновациялық технологиялар салонының Алтын және Күміс медальдармен марапатталды. «Ялта өркениет клубының және ашық өркениет диалог» университетінің мүшесі Мәскеу, РФ.

"Жаңару"сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы - 2017". Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "Ы. Алтынсарин" атындағы, "Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытудағы еңбегі үшін" төс белгілерімен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

42 жыл бұрын (1983) ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаментінің бастығы Мағзұм Асхатұлы ҚҰҚЫМБАЕВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

1983 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Ш.Уәлихан атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін агроэкология мамандығы бойынша бітірген (2006).

Еңбек жолы: «Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» ММ маманы (2006-2007); «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ақмола филиалының жетекші маманы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл экология департаменті Ақмола филиалы Қалдықтарды басқару секторының бас маманы (2008-2012); «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РМУ табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы (2012-2013); «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» РММ Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас маманы (2017-2018 жж.); «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологияны реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» РММ Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы (2018-2019); «Көкшетау су арнасы» сақтау қоймасы мемлекеттік кәсіпорнының инженер-экологы (2019-2020); «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологияны реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» РММ Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы (2020-2021); «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологияны реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ бастығының орынбасары (2021-2024).

2024 жылдың тамызынан бері қазіргі қызметінде.

42 жыл бұрын (1983) ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Мақсотұлы дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылында туған. Атырау мемлекеттік университетін (2005), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2013), Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін (ENA) бітірген.

Еңбек жолы: Атырау қаласындағы №31 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2005-2007); Атырау облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы (2007-2008); Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы (2008-2010); Атырау облысы әкімі аппаратының бас инспекторы (2010-2011); Атырау облысы әкімі аппаратының бақылау, ұйымдастыру-инспекторлық, құжаттардың орындалуын бақылау және талдау бөлімдерінің меңгерушісі (2011-2014); Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары (2015-2017); Әдеп жөніндегі уәкіл, Атырау облысы әкімі аппаратының бас инспекторы (2017-2019); Атырау облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы (2019-2024).

Қазіргі қызметінде 2024 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.