Жексенбі күні ЕАР уақытша президенті Адли Мансұр мысырлық СВС телеарнасына берген сұхбатында барлық президенттік сайлау науқанының 60 күнге жоспарланғанын хабарлады. «Маусымда елдің жаңа президенті болады», - деп атап өтті ол. Бірақ өзі алдағы сайлауға қатыспайды. «Қазіргі уақытта ұсынылған жалғыз үміткер - Хамдин Саббахи. Қорғаныс министрі және вице-премьер Абдель Фаттах ас-Сиси сайлауға түсуге ниетті», - деп атап өтті Адли Мансұр.
Мемлекет басшысын сайлаудың нақты қай күні өтетіні таяу уақытта жариялануы тиіс.