19 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 19 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

19 шілде, БЕЙСЕНБІ

Никарагуа Республикасының Ұлттық мейрамы - Революция күні (1979).

Миғраж түні. 2009 жылғы шілденің 19-ынан 20-ына қараған түн - 1430 хижра жылының 26-27-ші ережебі. Пайғамбар жеті көкке көтерілген түн (жексенбіден дүйсенбіге қараған түн).

Жапонияда Әйел министрлер күні.  «Саясаттағы әйел», «үкіметтегі әйел» қазіргі қоғамда қалыпты қабылданатын тіркестер. 

Әлемдік тарихта саясаткер-әйел, министр-әйел, президент-әйел болған ерекше есімдер болды.

Жапонияда әйел заты үкіметте алғаш рет 1960 жылы пайда болды. 1960 жылдың 19 шілдесінде Накаяма Маса министр лауазымын алған Жапониядағы алғашқы әйел болды. Ол Денсаулық сақтау министрлігін басқарды. Содан бері 19 шілде Жапонияда Әйел министрлер күні ретінде ресми емес жағдайда атап өтіледі.  

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

198 жыл бұрын (1814) ағылшын теңіз саяхатшысы М.Флайндерз өзінің кітабында жасыл құрылықты алғаш рет Австралия деп атады (кітап жарық көргеннен кейін, 24 сағаттан соң ол қайтыс болды).

190 жыл бұрын (1822) француз ғалымы Жозеф Ньепс әлемдегі алғашқы фотосуретті жасады.

146 жыл бұрын (1870) АҚШ-та метрикалық жүйелерді пайдалануға мүмкіндік беретін заң қабылданды.

141 жыл бұрын (1871) Канадаға Британ Колумбиясы провинциясы қосылды.

112 жыл бұрын (1900) Париж метросы ашылды. Қазіргі уақытта париждік метроның ұзақтығы 199 шақырымды құрайды, оның 369 стансысы бар. Метро пойыздарының 3500 вагоны күнделікті 6 миллион адамды тасымалдайды.

104 жыл бұрын (1908) әулие Павелдің Лондондағы шіркеуінде Олимпиадаға ақ жол тілеген епископ алғаш рет: «Ең бастысы,  жеңіс емес -  қатысу» сөздерін айтты.

63 жыл бұрын (1949) Лаос Франциядан азаттық алды.

58 жыл бұрын (1954) Элвис Преслидің алғашқы синглі шықты.

21 жыл бұрын (1991) Тегеранның мыңдаған тұрғыны қытай астрологы онда күшті жер сілкінісі болады деп болжағаннан кейін қаланы тастап кетті.

16 жыл бұрын (1966) Атлантада XXVI Олимпиада ойындары басталды. Оған спортшылардың рекордты саны - 10 744 (7060 ер, 3684 әйел) адам қатысты.

9 жыл бұрын (2003) тілді ауыстырып салу бойынша әлемдегі алғашқы операция сәтті өтті.

213 жыл бұрын (1799) ежелгі мысыр жазуы басылған Россет тасы табылды. Осы тастың арқасында Ежелгі мысыр тілінің сыры ашылды.

93 жыл бұрын (1919) Лос-Анджелесте үлкен  жылдамдықпен жүріп жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстау үшін аэроплан пайдаланылды.

7 жыл бұрын (2005) Баянауыл ауданындағы Теңдік ауылында (Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелі болысының №4 ауылы) қазақтың алғашқы академигі Қаныш Сәтбаевтың туған ауылында, атақты жерлестеріне арналған болашақ мемориалды кешеннің бірінші іргетасы қаланды.

Баянауыл жері өзінің танымал ғұлама ұлдарын естерінде сақтайды. Шараға мыңдаған адамдар, елордадан және көрші облыстардан келген қонақтар қатысты. Олар аудан орталығындағы академиктің мұражайына, танымал ақын Бұқар жыраудың, философ және әдебиеттанушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, қазақ поэзиясының классигі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың басына барды.

7 жыл бұрын (2005) Петропавлдың бейнелеу өнері мұражайында жергілікті суретшілердің «Жаз тынысы» көрмесі ашылды.

Көрмеге Қазақстан Респуликасы еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Анатолий Бургаев, бірнеше жеке көрме ашқан Валерий Савельев, Григорий Кайдаш сияқты танымал қылқалам шеберлерімен қатар, барлығы 9 суретшінің туындылары қойылған. Солардың ішінде Есіл ауданындағы Явленка селосынан әуесқой-суретші Вячеслав Смирнов көрмеге алғаш рет қатысып отыр.

5 жыл бұрын (2007) Орталық сайлау комиссиясы жанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттардың кезекті сайлауы барысында туындауы мүмкін ақпараттық талас-тартыстарды қарастыратын қоғамдық кеңес құрылды.

Қоғамдық кеңес құрамына Орталық Сайлау Комиссиясы мүшелері, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары кіріп отыр. Кеңестің басты мақсаты сайлау науқаны барысында туындаған ақпараттық таластарды, түсінбеушіліктерді, сондай-ақ, сайлау заңнамасы мен Конституцияға сәйкес сайлау нормаларын сақтауды алқалы түрде қарастыру болып табылады.

  

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1938) «Ауыл» қазақстандық социал демократиялық партияның төрағасы, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Респубилкасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері ҚАЛИЕВ Ғани Әлімұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қырғыз мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1963-1964 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы. 1968-1984 жылдары - Қазақ экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру институтының аға ғылыми қызметкері, сектор, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары. 1984-1988 жылдары - Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1991-1996 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті болған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылым депутаты болған. Ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары аграрлық теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын алу әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді.

119 жыл бұрын (1893-1930) орыс ақыны МАЯКОВСКИЙ Владимир Владимирович дүниеге келді.

Грузияда туған. 1911 жылы А.Крученых, Д.Бурлюк, В.Хлебниковтармен бірге орыс футуристерінің әдеби тобын құрып, өздерін «кубуфутуристер» деп атады. 1912 жылы Маяковский осы ақындармен бірге «Қоғамдық талғамға шапалақ» атты футуристер манифесін жариялады. 1914 жылы футуризмнің әдеби жиындарына қатысқаны үшін ол Мәскеудің кескін және көркемсурет училищесінен шығарылды. 1913 жылы «Владимир Маяковский» трагедиясы Петербург театрында қойылды. Трагедияны Б.Пастернак жоғары бағалады. Оның «Соғыс жарияланды», «Ана және немістер зая кылған кеш» өлеңдерінде соғыстың мағынасыз қантөгіс екені суреттеледі. Шығармаларындағы жаңа белес «Шалбарлы бұлт», «Соғыс және бейбітшілік», «Адам» поэмалары. Қазан төңкерісінен кейінгі шығармаларында өмір болмысын, шындықты суреттей отырып, ақын шығармаларының негізгі әдісі - төңкерісшіл романтизм үлгісіндегі «Біздің марш», «Солға марш», «Бұл туралы», «Владимир Ильич Ленин» поэмаларын жазды. Кезең талабына үн қосып, партия, кеңес өкіметі шешімдеріне сай үгіт-насихатқа берілгенімен, жаңа жағымсыз болмыс құбылысын да аяусыз әшкереледі. («Кеңес төлқұжаты туралы өлең»). Ақын қоғамдағы кемшіліктерді көре білді, кеңестік тоғышарлықты, бюрократизмді, билік пен басқаруды, тұтастай алғанда тоталитарлық жүйені сынап әшкереледі. «Қандала», «Монша» пьесалары Маяковскийдің сол жүйеге қарсылығының, ой қақтығысының көрінісі. Маяковский шетелдерде (АҚШ, Германия, Испания, Мексика, Франция, Куба) болып, «Париж», «Америка туралы жырлар» атты шығармалар жариялады. Маяковскийдің 20-жылдардың соңына таман жазған шығармаларында трагедиялық сарын жиі көрініс тапты («Қаржы инспекторымен поэзия туралы әңгіме»). Ол «Александр Блок өлді» мақаласында ақын өліміне қайғырды. Маяковскийдің шығармашылық ізденісі, поэтикалық жаңашылдығы орыс әдебиетіне, сондай-ақ қазақ ақын-жазушыларына да көп ықпал етті (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков). Қазақ тілінде «Бар дауыспен», «Таңдамалы өлеңдер» шығармалары жарық көрді.

68 жыл бұрын (1944) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Павел Васильев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты ГУНДАРЕВ Владимир Романович дүниеге келді.

Ресейде туған. Ақмола педагогикалық училищесін бітірген. Газет, радио, теледидар редакцияларында жұмыс істеген. 1970-1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Целиноград облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі қызметін атқарған. 1990 жылдан өзі ұйымдастырған «Нива» журналының бас редакторы болды.

Қаламгердің «Деревня моя деревянная», «Какого цвета поле», «Через все испытания», «Капля в море», «Семь дней и вся жизнь», т.б. поэмалық, прозалық кітаптары жарық көрген.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

48 жыл бұрын (1964) спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық санаттағы төреші, Достық кубогының иегері БАЛФАНБАЕВ Алан Борисович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1992 жылдан - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы.  Ол  «Алматы» әйелдер ватерполо клубының аға жаттықтырушысы, Қазақстанның су добы бойынша әйелдер құрама командасының бас жаттықтырушысы болған. А.Балфанбаев Әлем чемпионатында, Олимпиада ойындарында, Әлем кубогында төрешілік жасаған. Оның шәкірттері 1994, 1998, 2002 жылдары Азия ойындарының чемпионы атанған.

198 жыл бұрын (1814-1862) американдық қару-жарақ конструкторы КОЛЬТ Самюэль дүниеге келді.

Ол қару-жарақ компаниясының және зауытының негізін қалаған. С.Кольттің алғашқы револьвері оған дейінгі қолданыстағы барабанды қарудың және револьвердің жүйесін жетілдіре түсті. Осыдан кейін оның фирмасы атыс қаруының автоматты пистолет, револьвер сияқты көптеген түрлерінің үлгісін жасап шығарды.

76 жыл бұрын (1936) жазушы БЛИНСКИЙ Анатолий Данилович дүниеге келді.

Орал қаласында туған. Александр Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтын (қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. Орал облыстық «Приуралье» және «Красный луч» газеттерінің әдеби қызметкері, Ақтөбе облысы бойынша «Казахстанская правда» газетінің арнаулы тілшісі, «Казахстанская правда» газеті редакциясының ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитеті екінші хатшысының көмекшісі, КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінде әр түрлі лаауазымды қызметтер атқарған.

«Первопроходцы пустыни», «Кипяток бесплатно», «Государственный человек», «Устюртский меридиан», «Ключи от пустыни», «Поклонись Мугоджарам», «И жизнь впридачу» атты повестері мен әңгімелері жарық көрген.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен  марапатталған.

76 жыл бұрын (1936) әнші (сопрано), Қазақстанның халық әртісі РӘЗИЕВА Гүлвира Тұрсынқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы консерваториясының вокалдық факультетін бітірген. Қазақ теле-радио хабарларын тарату жөніндегі комитеттің жеке дауыстағы әншісі болған. Оның репертуарында қазақ және орыс композиторларының әндері бар. Негізінен ұйғырдың халық әндері мен мұқамдарын, Қ.Қожамияров, И.Масимов, С.Кибированың вокалдық шығармаларын насихаттайды. Әнші гастрольдік сапармен Кипр, Испания, Пәкістан, Италия, Францияда өнер көрсеткен.

40 жыл бұрын (1972) «Литер» қазақстандық газетінің бас редакторы, «Литер» ЖШС-ның бас директоры ЖАНАХАНОВ Қайсар қадырұлы дүниеге келді.

Торғай облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетің аяқтады (1997), саясаткер.

Еңбек жолын 1989 жылы орта мектепте мұғалім қызметінен бастады.

2008-2009 жж. - «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары; 2009-2011 жж.- «Нұр-медиа» медиахолдингінің бас директоры; 2011-2012 жж. - «Астана» телеканалының бас директоры; 2012 жылдың ақпанынан осы жылдың мамырына дейін ҚР Парламенті Мәжілісі баспасөз қызметінің жетекшісі. Аталған қызметінде -  2012 жылдың мамырынан.

49 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Санкт-Петербордағы бас консулы ЖҰМАХАНОВ Бекетжан Махатжанұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. КСРО Қорғаныс министрлігі Әскери Қызыл ту институтының шығыс факультетін (1985), РФ СІМ Дипломатиялық академиясын (1994),  РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын (1998) бітірді.

Аталған қызметінде - 2011 жылдан бастап.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» (2001), «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

59 жыл бұрын (1953) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы ПОЛТОРАБАТЬКО Людмила Григорьевна дүниеге келді.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Соттың бірінші квалификациялық сыныбы бар.
Алматы қаласы аудандық сотының іс жүргізушісі, сот атқарушысы, Қазақ ССР Әділет министрлігі Сот органдары басқармасының аға консультанты, Алматы қалалық сотының мүшесі, Алматы қаласы аудандық сотының халық соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мүшесі болып қызмет атқарған.

«Құрмет» орденімен, төрт медальмен марапатталған.

28 жыл бұрын (1984) Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы ЖӘНІБЕКОВ Дияс Асқарұлы дүниеге келді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін бітірген, заңгер. Әлеуметтік ғылымдар және гуманитарлық қатынастар бойынша II дәрежелі магистр («Ла Сапиенца» университеті Италия Республикасы), 2004-2005 жылдары - «Шағын кәсіпкерлік бойынша Республикалық ақпарат-көрме орталығы» ЖАҚ-ң маманы, 2005-2009 жылдары - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маманы, бас маманы, сараптамашысы, 2009 жылы - «Зерде» Ұлттық инфрокоммникациялық холдингі» АҚ-ң бас менеджері, «Designkonzept Jordan Kazakhstan» ЖШС-ң директорының орынбасары, 2010 жылы - ҚР индустрия және сауда министрлігінің бас сарапшысы, 2010 ж. - БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, 2011 жылдың сәуірінен бастап БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

75 жыл бұрын (1937) «Вишневский» кәсіпкерлігінің бас директоры, Қазақстан Құс өсірушілер одағының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ибрагим Жанғоразов дүниеге келді.

48 жыл бұрын (1964) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі ТӨРЕҒАЛИЕВ Нариман дүниеге келді.

36 жыл бұрын (1976) Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының әкімі САПАРҒАЛИЕВ Руслан дүниеге келді.