19 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 19 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

19 шілде, СЕНБІ

Никарагуа Республикасының Ұлттық мейрамы - Революция күні (1979).

Жапонияда Әйел министрлер күні. «Саясаттағы әйел», «үкіметтегі әйел» қазіргі қоғамда қалыпты қабылданатын тіркестер. Әлемдік тарихта саясаткер-әйел, министр-әйел, президент-әйел болған ерекше есімдер болды. Жапонияда әйел заты үкіметте алғаш рет 1960 жылы пайда болды. 1960 жылдың 19 шілдесінде Накаяма Маса министр лауазымын алған Жапониядағы алғашқы әйел болды. Ол Денсаулық сақтау министрлігін басқарды. Содан бері 19 шілде Жапонияда Әйел министрлер күні ретінде ресми емес жағдайда атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

9 жыл бұрын (2005) Баянауыл ауданындағы Теңдік ауылында (Семей губерниясы Павлодар уезі Ақкелі болысының №4 ауылы) қазақтың алғашқы академигі Қаныш Сәтбаевтың туған ауылында, атақты жерлестеріне арналған болашақ мемориалды кешеннің бірінші іргетасы қаланды.

Баянауыл жері өзінің танымал ғұлама ұлдарын естерінде сақтайды. Шараға мыңдаған адамдар, елордадан және көрші облыстардан келген қонақтар қатысты. Олар аудан орталығындағы академиктің мұражайына, танымал ақын Бұқар жыраудың, философ және әдебиеттанушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, қазақ поэзиясының классигі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың басына барды.

9 жыл бұрын (2005) Петропавлдың бейнелеу өнері мұражайында жергілікті суретшілердің «Жаз тынысы» көрмесі ашылды.

Көрмеге Қазақстан Респуликасы еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Анатолий Бургаев, бірнеше жеке көрме ашқан Валерий Савельев, Григорий Кайдаш сияқты танымал қылқалам шеберлерімен қатар, барлығы 9 суретшінің туындылары қойылған. Солардың ішінде Есіл ауданындағы Явленка селосынан әуесқой-суретші Вячеслав Смирнов көрмеге алғаш рет қатысты.

7 жыл бұрын (2007) Орталық сайлау комиссиясы жанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттардың кезекті сайлауы барысында туындауы мүмкін ақпараттық талас-тартыстарды қарастыратын қоғамдық кеңес құрылды.

Қоғамдық кеңес құрамына Орталық сайлау комиссиясы мүшелері, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары кіріп отыр. Кеңестің басты мақсаты сайлау науқаны барысында туындаған ақпараттық таластарды, түсінбеушіліктерді, сондай-ақ, сайлау заңнамасы мен Конституцияға сәйкес сайлау нормаларын сақтауды алқалы түрде қарастыру болып табылады.

215 жыл бұрын (1799) ежелгі мысыр жазуы басылған Россет тасы табылды. Осы тастың арқасында Ежелгі мысыр тілінің сыры ашылды.

200 жыл бұрын (1814) ағылшын теңіз саяхатшысы М.Флайндерз өзінің кітабында жасыл құрлықты алғаш рет Австралия деп атады (кітап жарық көргеннен кейін, 24 сағаттан соң ол қайтыс болды).

192 жыл бұрын (1822) француз ғалымы Жозеф Ньепс әлемдегі алғашқы фотосуретті жасады.

144 жыл бұрын (1870) АҚШ-та метрикалық жүйелерді пайдалануға мүмкіндік беретін заң қабылданды.

14 3 жыл бұрын (1871) Канадаға Британ Колумбиясы провинциясы қосылды.

11 4 жыл бұрын (1900) Париж метросы ашылды. Қазіргі уақытта париждік метроның ұзындығы 199 шақырымды құрайды, оның 369 стансысы бар. Метро пойыздарының 3500 вагоны күнделікті 6 миллион адамды тасымалдайды.

10 6 жыл бұрын (1908) әулие Павелдің Лондондағы шіркеуінде Олимпиадаға ақ жол тілеген епископ алғаш рет: «Ең бастысы, жеңіс емес - қатысу» деген сөздерін айтты.

9 5 жыл бұрын (1919) Лос-Анджелесте үлкен жылдамдықпен жүріп жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстау үшін аэроплан пайдаланылды.

6 5 жыл бұрын (1949) Лаос Франциядан азаттық алды.

60 жыл бұрын (1954) Элвис Преслидің алғашқы синглі шықты.

2 3 жыл бұрын (1991) Тегеранның мыңдаған тұрғыны қытай астрологы онда күшті жер сілкінісі болады деп болжағаннан кейін қаланы тастап кетті.

1 8 жыл бұрын (1966) Атлантада XXVI Олимпиада ойындары басталды. Оған спортшылардың рекордты саны - 10 744 (7060 ер, 3684 әйел) адам қатысты.

1 1 жыл бұрын (2003) тілді ауыстырып салу бойынша әлемдегі алғашқы операция сәтті өтті.

ЕСІМДЕР

7 8 жыл бұрын (1936) әнші (сопрано), Қазақстанның халық әртісі РӘЗИЕВА Гүлвира Тұрсынқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы консерваториясының вокалдық факультетін бітірген. Қазақ теле-радио хабарларын тарату жөніндегі комитеттің жеке дауыстағы әншісі болған. Оның репертуарында қазақ және орыс композиторларының әндері бар. Негізінен ұйғырдың халық әндері мен мұқамдарын, Қ.Қожамияров, И.Масимов, С.Кибированың вокалдық шығармаларын насихаттайды. Әнші гастрольдік сапармен Кипр, Испания, Пәкістан, Италия, Францияда өнер көрсеткен.

7 7 жыл бұрын (1937) «Ижевский» өндірістік кооперативінің бас директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі, Қазақстан Агроөнеркәсіптік одағы мен Қазақстан құс өсірушілер одағының мүшесі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты ЖАНҒОРАЗОВ Ибрагим Дәуітұлыдүниеге келді.

Қабардин-Балқар АКСР-інің Нальчик қаласында туған. Ақмола зооветеринарлық техникумын, Қабардин-Балқар мемлекеттік университетін бітірген, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

1958 жылдан - «Ижевский» кеңшарының зоотехнигі, осы кеңшардың №2 бөлімшесінің басқарушысы, 1959 жылдан осы шаруашылықтың бас зоотехнигі, 1967 жылдан - «Ижевский» кеңшарының директоры. Қазіргі қызметінде - 1997 жылдан бері.

Еңбектегі жетістіктері үшін екі Ленин орденімен, екі «Құрмет белгісі» орденімен, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл ту, «Достық», «Парасат» ордендерімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға - 50 жыл» және басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған, Социалистік Еңбек Ері.

7 6 жыл бұрын (1938) «Ауыл» қазақстандық социал демократиялық партияның төрағасы, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Респубилкасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері ҚАЛИЕВ Ғани Әлімұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қырғыз мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1963-1964 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы. 1968-1984 жылдары - Қазақ экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру институтының аға ғылыми қызметкері, сектор, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары. 1984-1988 жылдары - Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1991-1996 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті болған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылым депутаты болған. Ғалымның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары аграрлық теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын алу әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді. «Парасат» орденімен,

70 жыл бұрын (1944-2012) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Павел Васильев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты ГУНДАРЕВ Владимир Романович дүниеге келді.

Ресейде туған. Ақмола педагогикалық училищесін бітірген. Газет, радио, теледидар редакцияларында жұмыс істеген. 1970-1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Целиноград облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі қызметін атқарған. 1990 жылдан өзі ұйымдастырған «Нива» журналының бас редакторы болды.

Қаламгердің «Деревня моя деревянная», «Какого цвета поле», «Через все испытания», «Капля в море», «Семь дней и вся жизнь», т.б. поэмалық, прозалық кітаптары жарық көрген.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

6 1 жыл бұрын (1953) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы ПОЛТОРАБАТЬКО Людмила Григорьевна -дүниеге келді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған.

Новосібір облысында туған.С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Алматы қаласы аудандық сотының іс жүргізушісі, сот атқарушысы, Қазақ ССР Әділет министрлігі Сот органдары басқармасының аға консультанты, Алматы қалалық сотының мүшесі, Алматы қаласы аудандық сотының халық соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мүшесі болып қызмет атқарған. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы қарашадан бері.

ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңестің мүшесі, Еуразиялық Экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблея мүшесі, Бельгия Корольдігі Сенатымен, Беларус Республикасы Парламентімен, Эстония Рийгикоуымен ынтымақтастық топтарының мүшесі, «Құрмет» орденімен, төрт медальмен марапатталған.

5 5 жыл бұрын (1959) ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары САПАРОВ Оқас Базарғалиұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Энгельс жоғары әскери зенит ракетасы командалық училищесін, Әуе Күштері қорғанысы Әскери командалық академиясын бітірген. 1980-2003 жылдары әскери бөлімдерде, дивизияларда, зениттік ракета бригадаларында басшылық қызметтерде болды. 2003-2008 жылдары - ҚР Қарулы күштерінің Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінде Әуе қорғанысы күштері қолбасшысының орынбасары., бас қолбасшының орынбасары. 2008-2013 жылдары - ҚР Қарулы Күштері Әуе Қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары - Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлері бас басқармасының бастығы. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы маусымнан бері.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған.

4 8 жыл бұрын (1966) ҚР Бас прокурорының орынбасары КРАВЧЕНКО Андрей Николаевич дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және 2011 жылы Мәскеу бизнес-мектебін іскерлік басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген. Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 1983 жылы сот органдарында бастады. 1991 жылдан салық қызметі органдарында жұмыс істеді. 1994 жылдың қарашасында прокуратура органдарына қызметке келді. Прокурорлық мамандықтың барлық сатыларын біртіндеп өтті. 2001 жыл мен 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық сала заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті. Қаржы мониторингі, шағын және орта бизнесті қорғау және қолдау институттарының қалыптасуына тікелей қатысты. Прокуратура қызметкерлерінің жұмысын бағалау және прокуратура органдарындағы электрондық құжат айналымы жүйелерін жетілдіру кәсіби қызығушылық танытатын салалары болып табылады. 2011 жылдың маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымында қызмет етеді. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және өзге де мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған. Сыныптық шені - 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.

200 жыл бұрын (1814-1862) американдық қару-жарақ конструкторы КОЛЬТ Самюэль дүниеге келді.

Ол қару-жарақ компаниясының және зауытының негізін қалаған. С.Кольттің алғашқы револьвері оған дейінгі қолданыстағы барабанды қарудың және револьвердің жүйесін жетілдіре түсті. Осыдан кейін оның фирмасы атыс қаруының автоматты пистолет, револьвер сияқты көптеген түрлерінің үлгісін жасап шығарды.

7 6 жыл бұрын (1938) кеңестік және грузин эстрада әншісі, киноактер, сценарист, кинорежиссер, әндер авторы КИКАБИДЗЕ Вахтанг Константинович дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1934) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, театр режиссері және сценарист, РСФСР халық әртісі ШИРВИНДТ Александр Анатольевич дүниеге келді.