19 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
20:00, 18 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
11.00-де «Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Smart Astana» қосымшасындағы жаңа қауіпсіздік функциялары» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: «Smart Astana» жобасының жетекшісі Айдын Еспек. Онлайн баспасөзконференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
15.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» музыкалық поэтикалық қойылымы көрсетіледі.