19 шілде күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 19 шілде күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА

10.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылғы қаржылық нәтижелері» тақырыбында брифинг өткізеді.

11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жасанды интеллект жөніндегі тұжырымдама» атты баспасөз конференциясы өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

18.00-де «Jetisu» саябағында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы алғашқы "Jasyl Fest"экологиялық фестивалін өткізеді.

18.30-да «Alumni NIS» Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің қауымдастығы «Annual III Fundraising Ball: Celebrating Graduates!» атты жыл сайынғы қайырымдылық балын өткізеді, оған 150 түлек пен меценат қатысады деп жоспарлануда.