19 шілдеде QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл 19 шілдеден бастап QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Фото: Pexels

— Биыл 19 шілдеден бастап QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауы арқасында осы жылдың 1 мамырынан бастап экономиканың жаңа саласы — цифрлық активтер индустриясын іске қосудың құқықтық негізі қаланды. Заманауи, айқын және институционалды орта құрылды. Ұлттық банктің реттеу ортасы базасында цифрлық қаржы активтері саласында 30-дан астам инновациялық жоба іске қосылды. Осы жыл Ұлттық қордың активтерін жаңа нысаналы локациялауға көшіруді жоспарлап отырмыз. Акциялар мен баламалы құралдар сияқты кірістілігі жоғары активтердің үлесін ұлғайтамыз, — деді Тимур Сүлейменов Үкіметтің өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау барысында.

Оның айтуынша, бұл Ұлттық қордың кірістілігіне әсер етеді. 

— Сонымен қатар халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық банк Ұлттық қордың 1 млрд долларға дейінгі мөлшердегі қаражатын ұлттық экономиканың жоғары технологиялық секторларына инвестициялау бағдарламасын бекіттік. Мұнан бөлек, активтердің кірістілігін әртараптандыруды және ұлғайтуды қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк инвестициялардың 1 млрд доллар мөлшеріндегі нысаналы көлемінің ұлттық стратегиялық крипторезерв құрды. Қазақстан осындай қорды құрған әлемдегі алғашқы елдердің бірі екенін атап өткен жөн, — деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылы еліміздің алтын-валюта резервтері 42,8 пайызға өсті.