ЕСІМДЕР
Қостанай облысы Арқалық қаласында туған. 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2010 жылдары прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды, атап айтқанда Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, ҚР Бас прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған. 2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі, Тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы. 2014-2016 жылдары – ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі. 2016-2018 жылдары – ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры. 2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары. 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы. 2019-2021 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы. 2021-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы. 2022-2023 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Қызылорда облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 2007 жылы «заңгер» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2007-2015 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет еткен. 2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 1-Департаментінің прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарған. 2017-2018 жылдары – Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары. 2018-2019 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі. 2019 жылдың шілде-қараша айларында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында меңгерушінің орынбасары. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығының меңгерушісі.
2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.