19 тамызда Ақмола облысында орын алған ірі жол-көлік апатынан зардап шеккен баланы тануда көмек қажет

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық ІІД ЖПБ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ағымдағы жылдың 19 тамызында Ақмола облысында орын алған ірі жол-көлік апатынан зардап шеккен баланың аты-жөні әлі белгісіз.

Бала Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында жатыр. Бала өзі туралы есімі Дәурен, жасы 4-те екенін айтты.

Ақмола облыстық ІІД бала туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардың оны тануға көмектесуін сұрайды. ІІД-нің ЖПБ баспасөз қызметіне телефон шалуға болды: 8 7162 40 10 65 немесе 8 7162 29 10 32.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 тамызында шамамен сағат 20:50-де Алматы-Екатеринбор тас жолының 1309-шы шақырымында ірі жол апаты болды, соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақаттар алды.

Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.