19 жасар электрші елордадағы опера және балет театрында монтаждау жұмыстарын атқару барысында зардап шекті

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада Сарайшық көшесі мен Тұран даңғылы бойында салынып жатқан опера және балет театрында төтенше жағдай орын алды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 5 мамыр сағат 15.50-де монтаждау жұмыстарын атқару барысында «Биэн-Эйконтракторс» АФК-ның қызметкері - 19 жасар электрші екі метр биіктіктен құлап, ауруханаға жеткізілді.