Айсұлтан Сейітовтың «Шакал» фильмі «Қысқа метр» санатында «Үздік режиссура» номинациясында жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік бұл фильм «Үздік фильм», «Үздік режиссура» және «Оператордың үздік жұмысы» деген үш аталымға ұсынылған болатын.
«Мен осы фестивальде біздің елімізді үлкен абыроймен таныта білгенім үшін қуаныштымын. «Шакал» фильмінің елімізде осындай құрметке ие бола алмағаны өкінішті. Мен әлде де қазақстандықтарды жақсы туындыларыммен қуанта аламын деп сенемін. Жасым 20-ға да толған жоқ және менде жоспарлар мен идеялар көп», - деп ойымен бөлісті Айсұлтан.
Қысқа метражды «Шакал» фильмі - бұл Алматы маңында тұратын жас жігіттің қиын тағдыры туралы туынды. Ол қылмыстық әлем не отбасын таңдау мәселесімен бетпе бет келеді. Драма өмірлік құндылықтар, сатқындық сияқты тақырыпатарды көтереді және қатаң шынайылықты көрсетеді.
19 жастағы Айсұлтан Сейітов АҚШ-та оқиды және жұмыс істейді.
Оператор ретінде «Тараз», «Шлагбаум» сияқты және т.б. картиналарымен танымал Азамат Дулатов жұмыс жасады. Фильм толықтай «Бёрдмэн» және «Выживший» картиналарының стилінде бір жоспармен түсірілді. Картинаның премьерасы осы жылы Қазақстандағы өткізілген «Еуразия» кинофестивалінде көрсетілді. Бұл фильм осы жылы жазда команданың айрықша ынта-жігерімен және қандай да бір инвесторларсыз түсірілді.