Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Оқиға Қостанайдағы Әл-Фараби көшесінде болған.
«Көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен 19 жастағы қызға қатысты сотқа дейінгі тексеру шаралары жүргізілуде. ҚР ҚК 105-бабы 1-бөліміне сәйкес («Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу») іс қозғалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Тиісті сараптамалар жасалды.