19 жерінен пышақ салған: Түркістанда күдікті іздестіріліп жатыр

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Бұрынғы әйеліндегі балаларын көруге келген тұрғын жанжал шығарған. Арадағы кикілжіңнен кейін әйелдің ағасы оны пышақтап, өзі қашып кеткен. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, тұрғын 19 жерінен пышақталып, ауруханаға түскен. Ал, күдіктіге іздеу жарияланды.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары қабылданғанын жеткізді.

«Полиция тұрмыстық жанжал негізінде болған „кісі өлтіруге оқталу“ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұрынғы жұбайындағы балаларды көруге келген жәбірленуші — бұрын бірнеше рет сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны. Осы кезде ол мен әйелінің ағасы арасында жанжал болып, ер адам пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды» делінген ведомства ақпаратында.