Го Цзе 1936 жылы Берлинде өтен Олимпиада ойындарына қатысып, диск лақтырудан рекорд (41,13 метр) орнатқан. Олимпиада ойындарынан кейін Токио университетінде технология саласында білім алып, мамандығы бойынша Бейжіңде қызмет етті. 1950-1987 жылдар аралағында Сиань институтында денешынықтыру пәнінен сабақ берген. Го Цзе 97 жасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының алауын қабылдау эстафетасына қатысты. Ол Олимпиада алауын Сиань көшелерімен алып өтті.
06:16, 17 Қараша 2015
1936 жылы Берлин Олимпиадасына қатысқан 103 жастағы спортшы дүниеден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарына қатысушы, 103 жастағы қытайлық кәрі спортшы Го Цзе дүниеден озды, деп хабарлады Халықаралық жеңілатлетика федерациясының қауымдастығы сайтында.