1937 жылғы картинада үндістің қолынан iPhone «табылды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Суретші Умберто Романоның 1937 жылғы картинасынан қолында iPhone-ға ұқсайтын бір затты ұстап тұрған үндіс табылды, деп хабарлайды Motherboard.

Аталып өтілгендей, италиялық суретші Умберто Романо 1937 жылы «Пинчон мырза мен Спрингфилд қонысы» картинасын аяқтаған. Ол жерде британдық колонист Уильям Пинчон бейнеленген.

Оның жанында iPhone-ға ұқсайтын бір затты ұстап тұрған дәстүрлі киім киінген үндіс тұр.

Оның қасындағы тағы бір ер адам да сол затты қызығушылықпен тамашалауда. Motherboard редакторы Брайан Андерсонның айтуынша, бұл картина туралы тарихшы Дэниела Кроунның суретші туралы мақалаларынан білген.

Тарихшы картинадағы кейіпкердің қолындағы заты смартфон емес, қарапайым айна деп есептейді. Оның пікірінше, ол жергілікті америкалықтар қоғамындағы жоғары мәртебені білдіруі мүмкін.