Бұл күні 1-ші Беларусь майданының 3-ші екпінді армиясы Берлинде саяси тұтқындарға арналған «Моабит» түрмесін дұшпаннан азат етіп, Шпрее өзеніндегі, Мольтке көпіріне жақындады. Арғы беттегі Рейхстаг ғимаратына бірнеше жүз метр қалды. Осы күнгі таратылған Кеңес ақпарат бюросының мәліметінде: «1-ші БЕЛАРУСЬ майданының әскерлері БЕРЛИНДЕ көше ұрыстарын жүргізе отырып, қаланың солтүстік-батысындағы ШАРЛОТТЕНБУРГ ауданын Бисмарк штрассе көшесіне дейін, МОАБИТ ауданының батыс бөлігін және ШЕНЕБЕРГ ауданының шығыс бөлігін басып алды» - делінген. Ал 27-ші сәуірде болған ұрыстарда майдан әскерлері 9000-нан аса неміс солдаты мен офицерін қолға түсіріп, 100-ден аса - дала зеңбірегін, 135 пулеметті, 1800 автокөлікті және соғыс мүлкі жиналған 50 қойманы олжалаған. Сонымен қатар 1-ші Украин майданының әскерлері де қалада көше ұрыстарын жүргізуде. «1-ші УКРАИН майданының әскерлері БЕРЛИННІҢ оңтүстік-батысында ұрыс жүргізе отырып, ФРИДЕНАУ, ГРУНЕВАЛЬД және РУЛЕБЕН аудандарын басып алды. Сөйтіп, СИМЕНСШТАДТ ауданын басып алған 1-ші БЕЛАРУСЬ майданының әскерлерінің бөлімшелерімен бірікті. Сондай-ақ БЕРЛИННІҢ оңтүстік-шығысында орманды-көлді аймақта екі майданның әскерлері неміс әскерлерінің үлкен тобын қоршауға алып, оны талқандауға кірісті» - делінген мәліметте. 27-ші сәуірде болған ұрыстарда 1-ші УКРАИН майданының әскерлері 18 000 аса неміс олдаты мен офицерін қолға түсіріп, 55 танкті, 268 дала зеңбірегін, 2150 автокөлікті, 39 паравозды, 900 темір жол вагонын және әр түрлі соғыс мүлкі қойылған 150 қойманы олжалады. Ал 2-ші БЕЛАРУСЬ майданының әскерлері батыс Померания жерінде ЭГГЕЗИН, ТОРГЕЛОВ, ПАЗЕВАЛЬК, ШТРАСБУРГ, ТЕМПЛИН қалаларын және РИТ, ЛУКОВ, ГАММЕР, ВАЛЬДЕСХЕЗ, БЛЮМЕНХАГЕН, ГЮТЕРБЕРГ, ТАШЕН-БЕРГ, КРААТЦ, ПАРМЕН, ВЕГГУН, БОЙЦЕНБУРГ, ХАРДЕНБЕК, ХАСЛЕНБЕН, ГЕРС-ВАЛЬДЕ, РИНГЕНВАЛЬДЕ, ФРИДРИХСВАЛЬДЕ елді мекендерін алды. 27 сәуір күні болған ұрыстарда майдан әскерлері 1000-нан астам неміс солдаты мен офицерін қолға түсіріп, 70 жау ұшағын олжалады. ЧЕХОСЛОВАКИЯ жерінде 2-ші УКРАИН майданының әскерлері шабуылдай отырып, ПОПОВИЦЕ, КУНОВИЦЕ, ЖЕРАВИЦЕ, КИЕВ, ЖАРОШИЦЕ, РАШОВИЦЕ, ЛЕТОНИЦЕ, КОЗЛАНЫ, БОГДАЛИЦЕ, НЭМОЯНЫ, ТАБРОВАНИ елді мекендерін жаудан азат етті.
08:35, 29 Сәуір 2015
1945 ж. 28 сәуірі: Кеңес әскерлері Берлиннің орталығына жақындады - Рейхстагқа дейін бірнеше жүз метр қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 1945 жылдың 28 сәуірінде - соғыстың 1407-ші күні Кеңес әскерлері қантөгіс ұрыстарын жүргізе отырып, Берлиннің орталығына жақындады. Рейхстагқа дейін бірнеше жүз метр қалды.