1952 жылы желтоқсанда бес күн бойы қаланы қалың тұман басып, түтін тұмшалады. Ғалымдар ауа құрамын зерттеп, оны алпыс жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырды. Осылайша, түтін әлі де адамдардың денсаулығына әсер ететіні анықталды.
Ел билігі болса ауаның ластану деңгейі туралы ақпаратты жасыруға тырысқан. Алайда ғалымдар адамдардың өлім-жітімі Ұлы түтін басу оқиғасымен байланысы бар екеніне сенімді.