1971 жылы Айды түсірген фотообъектив 453 мың долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аполлон-15 командирі, НАСА астронавты Дэвид Скотт 1971 жылы Айды 290 реттен астам түсірген фото камера АҚШ-тағы бәссаудада 453,3 мың долларға сатылды, деп хабарлайды аукционды ұйымдастырушылар.

Олардың айтуларына қарағанда, Скотт Zeiss Tele-Tessar 500mm f/8-тің айналы объективінің көмегімен 293 рет суретке түсірген. Сондай-ақ ол бұл камераны айдың жоғары бетіне төрт рет шыққан сәтінде пайдаланған.