Сандықтау ауданының Балкашин селосында өткен сайысқа Астана, Рудный, Көкшетау, Қостанай, Зыряновск, Арқалық, Петропавл, Қарағанды қалалары мен Сандықтау, Бурабай және Зеренді аудандарынан келген 56 келген спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысына сай командалық есеп бойынша №1 «Рудный» командасы бірінші орын иеленсе, жүлделі екінші және үшінші орындарды Щучье қаласындағы №1 «Бурабай» және №2 «Бурабай» командалары өзара бөлісті. Чемпионаттың ерелер арасындағы ең ересек спортшысының жасы 74-те болса, әйелдер арасында қостанайлық Зинаида Байдельдің жасы 67-де. Оның шаңғы спортымен айналысып жүргеніне 50 жылдан асады. Ол өз жасындағы әйелдер арасында бірінші орынды жеңіп алды.
Ал ерлер арасында өткен класикалық әдісте атақты шаңғышы, 1976 жылғы Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Гранин өзінің жасына қарамастан рудныйлық Николай Храпуновты алға жіберіп, жүлделі екінші орын иеленді.
Ардагерлер жастарына қарамастан өздерінің шеберліктерін көрсетіп, келешек жастарға спортпен кез келген жаста айналысуға болатынын дәлелдеп берді.