1989 жылы қайтыс болған жапон императорының қолжазбасы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда император Хирохитоның (1901-1989 жылдар) өз қолымен жазған өлеңдерінің қолжазбасы табылды. Шығарманың нобайын 2 қаңтарда қолжазбаны монархқа жақын адамдардың бірінен алған Asahi Shimbun газеті жариялады.

Өлең жолдары 29 беттен құралған. Сарапшылар оның 1985-1989 жылдары жазылғандығын мәлім етті. Онда императордың екінші дүниежүзілік соғысқа көзқарасы және естеліктері арқау болған.

Бұл өлеңдер монархтың жеке басының қандай адам болғанын түсінуге ықпал етеді, деген пікірде ғалымдар.