1995 жылы қабылданған Ата заң - бүкілхалықтық құжат болып табылады - М. Көпей

None
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның 1995 жылы қабылдаған Конституциясы - бүкілхалықтық құжат болып табылады. Бүгін Астанада «Конституция - демократия мен қоғам тұрақтылығының негізі» атты дөңгелек үстел жиыны барысында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей осындай пікір білдірді.

«Конституция - бұл догма емес. Ата заңымыз қабылданған соңғы 15 жыл ішінде біз қолданыстағы нормаларға екі мәрте өзгерістер енгіздік. Алайда, Қазақстан Республикасындағы адамдар және азаматтар құқығы мен міндеттерін реттейтін нормалар сол қалпында, еш өзгеріссіз қалды. Сондықтан да, Қазақстан қоғамында тұрақтылық салтанат құрып отыр», деді М. Көпей өз сөзінде.

Сонымен бірге, сенатор Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету рөліне тоқтала келе, бұндай институттың әлем елдеріне үлгі болып отырғанын алға тартты.